Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаевпен Ертіс өзенінің ортасындағы «Бейбітшілік» аралына табиғи саябақ салу жоспарын талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Жобаның негізгі мақсаты – экотуризмді жақсарту. Бейбітшілік аралына табиғи саябақ салу арқылы түрлі өсімдіктер отырғызылып, сирек кездесетін құстардың алуан түрін өсіру жоспарланған.
«Ландшафты дизайн арқылы қаламызды көркейту - құптарлық іс. Біз экоурбанизмді дамыту үшін ынтымақтасуға дайынбыз. Табиғи саябақты салуға арнайы орындар жеткілікті»,- деді Нұрлан Ұранхаев.Табиғи саябақта география, мәдениет, өлкетану, экологиялық туризмге арналған орындар бой көтереді. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы аумақ пен құстарды тамашалауға арналған бұрыштар да салынады.