Шымкенттегі жол апаты кезінде 3 бала анасынан айырылды

Шымкенттегі жол апаты кезінде 3 бала анасынан айырылды

Шымкенттегі жол апаты кезінде 3 бала анасынан айырылды
ашық дереккөзі
Шымкентте болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш баланы анасыз қалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен А. Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Үш кәмелеттік жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері мен қалған екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. Жайт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.