50456
Қаңтар оқиғасы: үш адамға сот үкімі шықты
Қаңтар оқиғасы: үш адамға сот үкімі шықты
Өскемен қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан 3 адамға сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қаңтар оқиғасына қатысқан Өскемен қаласының 3 тұрғыны сотталды. Екі айыпталушы төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылса, үшінші сотталушы 4 жыл екі айға қамалды. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.
«Қалалық сотта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272, 380-баптары (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша іс қаралды. Сотталушылар өз кінәсін мойындау туралы прокуратура қызметкерлерімен процессуалдық келісім жасасқан. Сот барысында олардың істеген істеріне шын жүректен өкінетіндіктері де ескерілді», - деп жазылған хабарламада.