50225
Екі ел азаматтығымен жүрген әйел ұсталды
Екі ел азаматтығымен жүрген әйел ұсталды
10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан және Ресей Федерациясының азаматтығымен жүрген 56 жастағы әйел ұсталып, жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz.
Оған 612 мың теңге айыппұл салынған. Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай фактілер жиі анықталады.
«Қазақстанда және сонымен бір мезгілде шет мемлекеттің аумағында зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды анықтау бөлігінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтармен, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Ринат Сыздықов.Бұл ақпаратты көші-қон қызметінің қызметкерлері тексереді деп жазды polisia.kz.
– Қазақстанда және сонымен бір мезгілде шет мемлекеттің аумағында зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды анықтау бөлігінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтармен, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп түйіндеді Ринат Сыздықов.Айта кету керек, осы жылдың жеті айында 39 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 7-еуі елден шығарылды. Оларға 5 жыл ішінде Қазақстан аумағына кіру құқығы шектелді.