Неге Қытайдағы оқушылар есепке жүйрік болады?

Неге Қытайдағы оқушылар есепке жүйрік болады?

Неге Қытайдағы оқушылар есепке жүйрік болады?
ашық дереккөзі
50747
Соңғы жылдары Қытайдағы білім беру әдістемесі көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. PISA тестінің нәтижесі бойынша, қытайлық оқушылар басқа мемлекеттердегі өз қатарластарынан оқу және санау жағынан озып кететіні анықталған. Британдық Саутгемптон университетінің ғалымдары олардың қалай жетістікке жететінін анықтау үшін зерттеу жүргізіп, бұл туралы Conversation журналында жазған болатын. Ғалымдар бірауыздан «бүкіл сынып қатысатын интерактивті оқыту жеке немесе топтық жұмыстарға қарағанда тиімді» деген шешімге келеді. Мұндай тұжырымға келмес бұрын ғалымдар әлеуметтік-экономикалық статусы тең Британияның Саутгемптон және Қытайдың Нанкин қалаларынан 563 баланы тесттен өткізген. Олар TIMSS тестінен әлемнің әр түрлі елдерінде мектептегі математикалық білім деңгейі мен сапасын салыстыруға мүмкіндік беретін есептерді қолданған. Екі тесттің біріншісінде қытайлық оқушылар орта есеппен 83%, ал ағылшын балалары 56% ғана жинайды. Ал он аптадан кейін өткен екінші тестте ағылшын оқушылары өз көрсеткіштерін 66%-ға жақсартқан, ал қытайлық оқушылар 87% нәтиже көрсеткен. Содан соң ғалымдар видео арқылы екі елдің мектептерінде сабақ қалай өтетініне анализ жасаған. Қытай мектептерінде сабақтың 72%-ы бүкіл сыныпқа ортақ интерактивті жаттығулар жасаумен өтеді екен. Ал Англияда бұған сабақ уақытының 24%-ы ғана арналады, 47% жеке немесе топтық жұмыстарға кетеді. Қытайда сабақтың 28%-ы жеке жаттығулар жасауға жұмсалады.  width= Тесттегі жоғары балл интерактивті оқытуға көп уақыт бөлгенге байланысты, ал сабақта жеке немесе топтық оқытуға уақыт көп кетсе, ол тестте төмен көрсеткішке ие болады. Ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижелері интерактивті іс-әрекеттің артықшылығын көрсететін ондаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулермен дәлелденген. Сабақ уақытында бүкіл сынып белсенді жұмыс істеп, ал мұғалім сұрақтар қойып, сабағында түрлі көрнекі құралдар қолдану – әр оқушының жеке жұмыспен айналысқанынан әлдеқайда тиімді екені белгілі болды. Интерактивті оқыту әдістерінің маңыздылығы, әсіресе, математикада пәнінде ерекше байқалады. Балалар өздігінен жұмыс істегенде, олар мұғалім бұл тақырыпты түсіндірмейінше ұзақ күтіп, бір жерде тұрып қалуы мүмкін. Бұл оқу процесін қиындатады және оны тиімсіз етеді. Ал Қытайда мұғалім тақырыпты жалпы сыныпқа бірден түсіндіреді. Олар сұрақты да жалпылай қояды. Ал шешімі табылмаған сұрақтарды оқушылар өзара бөліп алады. Сонда уақыт та жеткілікті болады әрі сабақ та кідіріссіз тез жүреді. Саутгемптон университетінің ғалымдары Қытай оқушыларының өз қатарластарынан оқ бойы озық тұруының себебі интерактивті оқыту жүйесімен байланысты екенін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары