Ауыр атлет Нұржан Жұмабай Азия ойындарында жеңімпаз атанды

/
Ауыр атлет Нұржан Жұмабай Азия ойындарында жеңімпаз атанды
Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Жұмабай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде алтын медаль жеңіп алды.

Жұмабай ең сәтті мүмкіндігінде 146 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Екінші орын Бахрейн өкілі Эдриан Граньяға (142 келі) бұйырды. Үшінші нәтиже көрсеткен Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жумабаев (138 келі) қола жүлдегер атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары