51322
Ер адамдар 40 жастан кейін қалай тамақтануы керек?
Ер адамдар 40 жастан кейін қалай тамақтануы керек?
40 жастан кейін ер адамдар артық салмақ жинамау үшін тамақтану тәртібін қадағалап отыруы керек. Семіздік ағзадағы тестостерон деңгейін төмендетеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қызыл етті аз, ал балық және теңіз өнімдерін көбірек тұтыну қажет. Жержаңғақтан басқа кез келген жаңғақты жеуге болады. Диетаңызға асқабақ дәнегін қоссаңыз да болады», – дейді дәрігер-диетолог Нурия Дианова.Дәрігер 40 жастан кейін ер адамдар алкогольді шектеуі керек екенін атап өтті. Негізі, мүлде бас тартқаны дұрыс. Маман жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көп тұтынудың қаншалықты маңызды екенін еске салды деп жазды gazeta.ru. Дайын өнімдер мен шұжықтардың құрамында ағзаға кері әсер ететін майлар мен қоспалар көп. «Мұндай тағамды жеуге болмайды» дейді диетолог. Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.