«Турнирге жалғыз бардым. Ешқандай қолдау болмады. Жаттығу процесі қиын болды. Парижде күніне екі-үш рет жаттығатынмын. Өкінішке қарай, бұл жеткіліксіз болды. Жаттығуға көбірек уақыт жұмсасам, келесі жолы жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын», - дейді спортшы.Дана Төлеужан 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында ақ белбеулер арасындағы джиу-джитсу фестивалінің күміс жүлдегері атанды. Ол қазір Италияның Рим қаласында тұрады.
Қазақ қызы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Қазақ қызы джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды
Қазақстандық Дана Төлеужан Гамбургте (Германия) өткен AJP TOUR International PRO - GI & NO-GI халықаралық турнирінде көк белбеулер арасында 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жарысқа әлемнің 32 елінен 430-дан аса спортшы қатысқан. 23 жастағы Дана үшін бұл екінші турнир. Оның алдында Испаниядағы жарыста жетістікке жеткен болатын. Ол финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Даниядан келген қарсыласына жол берді. Бірақ үшінші орын үшін өткен кездесуде Германиядан келген қарсыласын жеңді.