Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
50226
Ол 12 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Атырау облысындағы ҚАЖД УГ-157/1 мекемесіне (тергеу изоляторы) күйеуіне келген деп хабарлады turkystan.kz. Аталған азаматшаның күйеуі ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырылған. Мекемеге тыйым салынған заттарды алып өткені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы жазбаша түрде ескертілгеннен кейін азаматша И.М-ға жеке тексеру жүргізілді. Тексеру барысында іш киімінен «трамадол» деген жазуы бар 15 дана дәрілік препараттар табылып, тәркіленді. Осылайша, азаматша И.М. тыйым салынған заттарды мекеменің режимдік объектісіне айла-амалмен апаруға тырысқан. Аталған факті бойынша Атырау қаласы ПБ тергеу-жедел тобы шақырылып, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.  width=    

Серіктес жаңалықтары