50260
Ақтауда ер адам 11-қабаттан құлап, мерт болды
Ақтауда ер адам 11-қабаттан құлап, мерт болды

Ақтауда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлап, қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 18 тамыз күні Ақтау қаласының 12 шағынауданында болған.
«102» кезекші пультіне 28 жастағы жігіттің 11-қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, жедел тергеу тобы барды», - делінген хабарламада.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.