Қазақстан – Әзербайжан сарапшылар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан – Әзербайжан сарапшылар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан – Әзербайжан сарапшылар кеңесінің отырысы өтті
ашық дереккөзі
50297
Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Қазақстан – Әзербайжан сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңесті құру туралы шешім 2022 жылдың мамырында ҚСЗИ мен Әзербайжан Республикасының Халықаралық қатынастарды талдау орталығы арасында қол қойылған меморандум аясында қабылданды. Іс-шараға сарапшылар, депутаттар, екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, соның ішінде Әзербайжанның Халықаралық қатынастарды талдау орталығының басқарма бөрағасы Фарид Шафиев, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлис депутаты Эльшад Мирбашир оглы, ТАЛАП Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев, Оңтүстік Кавказды зерттеу орталығының директоры Фархад Мамедов және т.б қатысты.  width=   ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов қатысушыларды Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтай отырып, бүгінгі іс-шараның Қазақстан Президентінің Әзербайжанға ресми сапары қарсаңында өтіп отырғанына тоқталды. Әзербайжанның Қазақстан үшін маңызды одақтас, түркі әлеміндегі негізгі мемлекеттерінің бірі, стратегиялық маңызды Оңтүстік Кавказ аймағындағы серіктес екені атап өтілді. Әзербайжан арқылы Түркияға, одан әрі Еуропалық Одақ пен Таяу Шығысқа тікелей шыға алатынымыз белгілі. Өз кезегінде Қазақстан арқылы Шығыс – Батыс бағыттары бойынша жүктерді жеткізу қашықтығы мен уақытын айтарлықтай қысқартатын негізгі көлік бағыттары өтеді. Бұл Әзербайжан үшін де геостратегиялық қызығушылық тудырады.  width= Бүгінде Қазақстанда әзербайжандық капиталдың қатысуымен 500-ден астам компания тіркелген. Ал Әзербайжанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 145-ке жуық компания жұмыс істейді. 2021 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 332,2 млн АҚШ долларына жетті.  Сондай-ақ ҚСЗИ директоры екі ел арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, туризм, паром және әуе қатынасы салаларында байланыс белсенді дамып келе жатқанына да тоқталды. Көптеген саланың одан әрі даму әлеуеті бар және қазіргі жағдайда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды перспективаларын кейінге қалдыруға болмайды. Әзербайжанның халықаралық қатынастарды талдау орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиев 30 жыл ішінде Нұр-Сұлтан мен Баку екі жақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін нығайта алғанын атап өтті. Ашық пікірталас барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі халықаралық жағдайды да талқылады. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына назар аударып, талдамалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары