51050
Намаз оқымағаны үшін әкесінен таяқ жеген жігіт жансақтау бөліміне түсті
Намаз оқымағаны үшін әкесінен таяқ жеген жігіт жансақтау бөліміне түсті
Жәбірленушілер үш рет полицияға арыз түсірген. Алайда күдікті әлі де бостандықта деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің ағасы Ерғалидың айтуынша, әкесі ұлына: «Мен сені адам қылғым келеді, ал сен мен үшін дұға жасамадың», - деп қол көтерген.
Жігіт ашулы әкесінен қашпақ болған, алайда ол ұлын ұстап алып, басынан ұра бастайды.
«Үйде үлкен гантель болатын. Сонымен немесе үлкен пышақтың сабымен ұрған сияқты. Кейін өгей әкем пышақпен қорқыта бастады. Ағам көрші үйге қашып, сол жақтан полиция шақырды. Анам арыз жазса да, өгей әкем әлі бостандықта жүр. Ағамды өлтіре жаздады, әйтпесе, қашпайтын еді», - дейді Ерғали Асылханов.Айдын Зайнақовтың бостандықта жүргенін полиция растады. Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған іс полиция назарында екенін айтты.