Қазақстандағы ең қорқынышты жерлер

Қазақстандағы ең қорқынышты жерлер

Қазақстандағы ең қорқынышты жерлер
ашық дереккөзі
52388
Қазақстанда тылсымға толы, аңызға арқау болған жерлер көп. Сырды ішіне бүккен киелі мекендерді топтастырған turkystan.kz сайты назарларыңызға 4 мистикалық жерді ұсынады. Көккөл Көккөл Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан. Ел арасында «Айдаһар көл» аталған мекенді ғалымдар толық зерттеп бітпеді. Көлдің алып жатқан аумағы мен тереңдігі туралы нақты дерек жоқ. Гидрологиялық зерттеулер жүргізгенімен ғалымдар судың түбін анықтай алмады. Көлден су ағып шықпайды және құйылмайды. Соған қарамастан мөлдір әрі тұп-тынық. Көккөл жайында аңыз көп. Бірінде адамдар тұншыға шыққан дауыстарды естідік десе, енді бірінде көл түбінде алып айдаһар мекендейді деседі. Суда жүзетін балықтарды, ұшқан құс пен шөлін басуға келген жануармен малдың жоғалуын су түбіндегі мақұлықпен байланыстырады. Жергілікті тұрғындар бұл көлді айналып өтуге тырысады.  width= Барсакелмес Барсакелмес Арал теңізінде орналасқан. Атауының өзі адам бойына үйрей ұялататын бұл мекен туралы ХХ ғасырдың ортасында көп айтыла бастады. Бұл жерде адамдардың жиі жоғалып, ерекше бітімдегі жануарлардың пайда болуымен танымал. Аңыздардың бірінде Барсакелместе уақыт өзгеше қарқынмен өтеді деседі. 1991 жылы Барсакелмеске аттанған бір топ экспедиция жоғалып кетті. Қанша іздеу жұмыстары жүргізілсе де, бірде-бір адам табылмады. 1993 жылы барған бір топ адам кенеттен «ақ тұманға»  тап болады. Абырой болғанда, барлығы аман. Бірақ, саяхатшылардың айтуларынша, олар тұманның ішінде 20 минуттай ғана болған. Ал қайтып оралғанда өздерін құтқарушылар іздеп жүргендеріне таңғалған. Белгілі болғандай, туристер 20 минут емес, 20 сағатқа жоғалған.  width= Аққұм-Қалқан Аққұм-Қалқан немесе «Әнші тау» деген атаумен танылған төбе – Алтын-Емел саябағында орналасқан. 3 шақырым жерді алып жатқан бұл мекен Қазақстандағы мистикалық жерлердің үздік үштігіне кіреді. Себебі «Әнші таудан» шығатын дыбысты есту үшін еліміздің түпкір-түпкірінен жүздеген адам келеді. Қатты жел соққанда таудың үні бірнеше шақырымға дейін естіледі. Бірде айқай, бірде гүріл болып естілетін дыбыстар ауа райына байланысты өзгеріп тұрады. Жергілікті тұрғындар арасында тараған аңыз бойынша шайтанның өзі Құдайдың қаһарынан қорқып, осы таудың астына жасырынған деседі.  width= Өлі көл Алматы облысы Сапақ ауылына жақын маңда «Өлі көл» деп аталатын мекен бар. Бұл көлдің тылсымға толы тіршілігі туралы әңгіме ел арасында аңызға айналып үлгерген. Өлі көлде өсімдіктер өспейді, балықтар мекендемейді. Тіпті су жағасында қаптап жүретін масаларды да бұл көлдің маңынан көре алмайсыз. Ғалымдар бұл құбылысты су астынан улы газдың бөлінетіндігімен байланыстырады. Су жаздың аптап ыстығында жылымайды, қақаған қыста мұз қатпайды. Өзіне магнит сияқты тартатын Өлі көлге батып кететіндер көп. Олардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындардың әңгімесіне сенбеген туристер. Бір қызығы – Өлі көлге батқан адамдар әдеттегідей бірнеше күннен кейін судың бетіне қалқып шықпайды, олар толық денесімен су түбінде қалады. Ал сүңгуірдің ауа баллоны толы болса да, су астында 3 минуттан кейін белгісіз себептермен тұншыға бастайды екен.  width=

Серіктес жаңалықтары