50230
Найзағай, жел: 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Найзағай, жел: 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды
17 тамызға арналған ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазгидрометтің болжамынша, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысында алдағы 6 сағатта 16 тамызда, тәулік бойы 17 тамызда Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамызда күннің екінші жартысында найзағай жарқылдайды.
Ақтөбе облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.