50302
Адам «өмірімде қиындық болып жатыр» деп ойлап, сәтсіздікті өзіне тартады – психолог
Адам «өмірімде қиындық болып жатыр» деп ойлап, сәтсіздікті өзіне тартады – психолог
Мамандардың айтуынша, адам өміріндегі сәтсіздік, қиындық бекерден-бекер болмайды. Мұның бәрі әр адамның қабылдауына және ойлау жүйесіне байланысты деп хабарлады turkystan.kz.
«Өмірдің қара жолағы болады, бұл адамның дәл сол уақытта өмірді қалай қабылдайтынына байланысты. Яғни, адамның дәл сол кездегі өмірге деген көзқарасы. Егер адам сәтсіздікке тап болдым деп ойласа, онда ол депрессияда жүр немесе көңіл күйі түскен», – дейді клиникалық психолог және психоаналитик Владимир Крупин.Психологтің айтуынша, адам «өмірімде қиындық болып жатыр» деп ойлап, сәтсіздікті өзіне тартады деп жазды ura.ru.
«Біреу мұндайды сәтсіздік деп ойласа, енді бірі даму жолындағы баспалдақ деп қабылдайды. Яғни, бәрі адамға қатысты. Оның темпераментіне, өмірді қалай бағалайтынына және әлемге қандай көзбен қарайтынына байланысты», – дейді Владимир Крупин.Алайда маман адам өмірінде объективті фактілерге қатысты қайғылы кезеңдер болатынын атап өтті.
«Жақындарын жоғалту. Адам мұндайда қайғыны сол сәтте бастан кешпесе, кейінге қалдырса, жылдар өте келе ол ауырлай береді. Адамның психикасы өте әлсіз, ол бәріне бейімделуге, көндігуге тырысады», – дейді маман.Егер адам қиындыққа тап болса, психологиялық денсаулығын сақтауға мән беруі қажет.