50291
Марат Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Марат Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Марат Омаров бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ол 1988 жылы туған.
2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді.
2012-2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда, кейіннен Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.
2017-2019 жылдары – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – QazTech Ventures АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).
2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылғы 21 қазанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, агенттіктің бұрынғы басшысы Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.