Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды – Бас прокуратура
ашық дереккөзі
50308
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды. Қалғаны қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды. Оның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды. Атап айтқанда, Алматы облысында Полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрон ұрланды. Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Бас прокуратура өкілінің атап өтуінше, Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар.
«Барлық бұл фактілер бойынша тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Қару-жарақ қоймалары табылып, оларға қатысы бар адамдар анықталуда. Қазіргі уақытта 481 бірлік қару табылды. Бұл -  барлық ұрланған қарудың үштен бірі. Қалғаны қылмыскерлердің қолында», - деді Елдос Қилымжанов.
   

Серіктес жаңалықтары