50370
Елордада аулада жүрген баланы көлік басып кетті
Елордада аулада жүрген баланы көлік басып кетті

Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі баланы басып кетті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.Оқиғаның мән-жайы анықталуда.