50542
Павлодар облысында «Супер келін» байқауы өтеді
Павлодар облысында «Супер келін» байқауы өтеді

Облыстық «Супер келін-2022» байқауына өтінімдер 2 қыркүйекке дейін қабылданады деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты - дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қазіргі заманғы келін бейнесін анықтау. Сайысқа 18-28 жастағы келіндер қатыса алады.
«Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға шағынтолқынды пеш, «Өнерлі келін» және «Шебер келін» атанған келіншектерге электрогриль мен электр ет турағыш сыйға тартылады», - деді ұйымдастырушылар.Байқау бес кезеңнен тұрады. Іс-шараны Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыруда.