50212
Бақытгүл Хаменова қызметінен босатылды
Бақытгүл Хаменова қызметінен босатылды
Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 59-бабының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адамның (орган) тиісті шешімі бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №267-өкімімен атқаратын лауазымынан босатылды», - деп жазылған Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалған болатын. Ол былтыр желтоқсанда қамауға алынды. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевпен бірге пара алу күдігіне ілінген еді. Олардың үстінен Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі сот отырысында ол өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Адвокаты айыпталушыны үй қамағына ауыстыруды сұрады.