Аллергиялық ринит, астма: қалай сақтануға болады?

Аллергиялық ринит, астма: қалай сақтануға болады?

Аллергиялық ринит, астма: қалай сақтануға болады?
ашық дереккөзі
50730
Маусымдық аллергиялық ринит пен астма – ең көп таралған аурулардың бірі. Ол шамамен халықтың 25-35 пайызынан анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аллергиялық ринит пен астма тозаңнан және өсімдіктер гүлдеген сәтте өршиді. * Сәуір - мамыр айының соңында қандыағаш, қайың, терек, емен гүлдейді.  * Маусым мен шілде айының ортасына дейін дәнді шөптер гүлдейді: көгалдар мен шалғынды шөптер, қара бидай, бидай және т.б.   * Шілдеден қазан айының басына дейін жусан, амброзия, қалақай және басқа да арамшөптер гүлдейді. Сонымен қатар ринит әртүрлі факторлардың әсерінен күшеюі мүмкін. Мысалы, ағзаның өсімдіктер тозаңына сезімталдығының жоғарылауы, ЖРВИ-ге байланысты аурудың өршуі. Ауру ұйқыны бұзады. Жалпы, ринит адамға жұмыста, оқуда немесе спортпен шұғылданғанда кедергі келтіреді. Аурудың ауыр түрінде науқаста жөтел пайда болып, тыныс алуы қиындауы мүмкін. Аурудың өршуіне әкелетін факторлар: химиялық заттарды қолдану, тұқым қуалайтын бейімділік, пациенттің темекі шегуі, жүктілік кезінде ананың темекі шегуі және табиғи емес өнімдерді пайдалану,  құрылыстағы шаң, автомобиль газы және т.б.
Алдын алу шараларын есте сақтау өте маңызды.  Ол үшін тозаңмен жанаспау қажет, оның көздің және тыныс жолдарының шырышты қабаттарына енуінен сақтану керек. Ол үшін бөлмеде және автомобильде есік-терезені жабық ұстаңыз. Ауаны желдету құрылғыларын қолданыңыз. Сыртта өткізетін уақытты шектеңіз немесе маска мен көзілдірік қолданыңыз.
Жаяу жүргеннен кейін мұрын мен көздің гигиенасына көңіл бөліңіз. Мүмкін болса, денеден тозаңды кетіру үшін душ қабылдаңыз. Сонымен қатар гипоаллергенді диетаны ұстану маңызды. Ол үшін цитрус, өрік, шабдалы, киви, ананас, қауын, жаңғақтар, балдыркөк, қызыл бұрыш, кориандр қабылдауды айтарлықтай шектеу қажет. Сондай-ақ, темекі шегуден бас тартуға, дәрілік заттарды дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қабылдауға кеңес беріледі. Сонымен қатар тітіркендіргіш заттарды (кір жуғыш ұнтақтар, жуғыш заттар, еріткіштер, бензиндер, желімдер, лактар, бояулар, жиһаз, еден, кілем және т.б. тазалағыш заттарды) пайдаланбау қажет. Қол терісінің өсімдіктерге, сондай-ақ көкөністер мен жеміс шырындарына жанасуынан сақтаныңыз. Жүннен және синтетикалық материалдардан жасалған киім киюге болмайды. Мақта маталарынан жасалған киімді киген жөн.    

Серіктес жаңалықтары