50242
Елорда полицейлері Абайдың шығармашылық мұрасымен танысты
Елорда полицейлері Абайдың шығармашылық мұрасымен танысты
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұлы Абайдың 177 жылдығына арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz.
Департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын «Тұлғаға тағзым» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме барысында жас қызметкерлер ғұлама ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілердің еңбектерімен танысты.
Сондай-ақ Департаменттің ведомстволық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді.
Іс-шара барысында полицейлер Абайдың шығармашылық мұрасымен тереңірек танысып, пайдалы мағлұмат алды.