50703
Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды
Азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері қаладағы ірі сауда орындарында болды. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды.
Осы орайда, топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы бағаға тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.