Павлодарда көпбалалы отбасы кәсіпорынды сотта жеңіп шықты

Павлодарда көпбалалы отбасы кәсіпорынды сотта жеңіп шықты

Павлодарда көпбалалы отбасы кәсіпорынды сотта жеңіп шықты
ашық дереккөзі
50245
Үлкен құбыр жарылып, жер үйді су басқандықтан отбасы жауапты кәсіпорынды сотқа берген болатын деп хабарлады turkystan.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, 2021 жылы қыс қарсаңында қаладағы ірі кәсіпорынның біріне су жеткізетін құбыр жарылып, Шашкин көшесі, 31/1 мекенжайындағы үйді су басқан. Үйлері тұруға жарамай қалғандықтан, отбасы басқа пәтер жалдауға мәжбүр болған. 16 жасқа толмаған 4 баланың анасы Нұржан Кәмесханқызы отбасымен «Павлодар» қалалық су арнасы ЖШС-ін сотқа берді.
«Сот 7 айға созылды. Қалалық сот 2 отырыс өткізіп, кәсіпорынды кінәлі деп таныды. Суға жауапты кәсіпорын шешіммен келіспей, облыстық сотқа берді. Облыстық сотта да біз жеңіп шықтық», - деді Нұржан Кәмесханқызы.
Сот шешімімен «Павлодар» қалалық су арнасы ЖШС үйін су басқан отбасының пәтер жалдау шығынын өтейтін болды. Көпбалалы отбасы келісімшартпен 1 маусымға дейін пәтер жалдаған. Енді келісімді ұзартып, 1 желтоқсанға дейін созбақ.
«Осындай біз секілді жағдайға қалған адамдарға шындықты дәлелдеп шығуға болатынын көрсеткім келеді. Күрделі мәселе болған соң үнсіз қалып жататындар да бар», - деді Нұржан Кәмесханқызы.
Сотта жеңіп шыққан отбасы 1 желтоқсанға дейін үйлерін  - жөндеп, кіруді көздеп отыр. Ендігі жоспар кәсіпорыннан үйге келген шығынды талап ету.  

Серіктес жаңалықтары