50324
Қор нарығында доллар тағы арзандады
Қор нарығында доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді деп хабарлады turkystan.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 шілденің кешімен салыстырғанда 1, 77 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 09 теңге болды.
Ұлттық банктің 29 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 479 теңге.