Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті

/
Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті
ашық дереккөзі
Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған деп хабарлады turkystan.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де  Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайында тұрған Lada Priora жеңіл автокөлігі жанып кеткен.
«Сонымен қатар көліктің жанында тұрған 1998 жылғы Volkswagen Passat В3 автокөлігінің бір шаршы метр аумағы  жанды. Өрт сағат 02:41-де ауыздықталып, сағат  03:00-де  сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - дейді департаментте.
Оқиға орнында  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары