50367
Өскеменде жанармай құю бекетінің маңында жарылыс болды
Өскеменде жанармай құю бекетінің маңында жарылыс болды
Соның салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, бір баланың денесін күйік шалды деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған.«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», – деді ведомство өкілдері.