Эквадорда жер сілкінісінен 300-ден астам үй бүлінді

Эквадорда жер сілкінісінен 300-ден астам үй бүлінді

Эквадорда жер сілкінісінен 300-ден астам үй бүлінді
ашық дереккөзі
50375
Эквадорда 5,5 балдық зілзаладан 300-ден аса үй қирап, 8 адам жарақат алды деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісі Эквадордың Колумбиямен шекаралас Карчи провинциясында болды. Зілзала ошағы Сан-Габриэль қаласынан 5 шақырымдай жерде тіркелген. Алғашқы жер сілкінісінен кейін ондаған дүмпу қайталанған. Қазір жапа шеккендерге қолдау көрсетіліп, апат салдарын жою жүріп жатыр.
"Аяқ астынан жер сілкінді. Қызым мектепте би кешінде болған. Бір сәтте үйіміз дірілдеп, екі жаққа қозғалып кетті. Оның тез болғаны соншалық біз тіпті не болып жатқанын түсіне алмай қалдық", – деді тұрғын.

Серіктес жаңалықтары