50602
Алматыда құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді
Алматыда құны 360 млн теңге тұратын киік мүйізі тәркіленді
Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын киік мүйізін тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 25 шілде күні жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.
[caption id="attachment_190017" align="alignnone" width="1200"] фото: polisia.kz[/caption]
«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасында кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Онда көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.