Канело Головкинмен жекпе-жек алдында бапкерін ауыстырды

Канело Головкинмен жекпе-жек алдында бапкерін ауыстырды

Канело Головкинмен жекпе-жек алдында бапкерін ауыстырды
ашық дереккөзі
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап. Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған. Мәселен, «Канелоның» физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса, Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетеді екен. Головкин – Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.