Сан-Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

/
Сан-Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды
СІМ

Шет мемлекеттерде Қазақстан Құрылтайына сайлауда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де Сан-Францискодағы соңғы 79-шы сайлау учаскесі жабылды.

Сыртқы істер министрлігінің 23 тамыз кешінде хабарлағанындай, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады.

Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді, дейді министрлікте.

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады", - деп хабарлады министрлікте.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары