Ақмола облысында есірткі саудалаған ерлі-зайыпты ұсталды

Ақмола облысында есірткі саудалаған ерлі-зайыпты ұсталды

Ақмола облысында есірткі саудалаған ерлі-зайыпты ұсталды
ашық дереккөзі
50325
Ақмола облысында есірткі дайындап, саудалаған ерлі-зайыпты ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 20 шілдеде Атбасар қаласындағы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара өткізу барысында күдіктілерді анықтады. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сүйенсек,  38 жастағы ер адам мен 37 жастағы азаматша үйлерінде қарасорадан препарат дайындап, өткізген.
«Есірткіні өткізуге әрекет жасау барысында жедел уәкілдер күдіктіден 4 грамнан астам гашиш майын тәркіледі. Сондай-ақ ұқсас зат ерлі-зайыптының тұрғылықты жерінен табылды. Ұстау барысында әйел полицейлерге қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған. Күдіктіні полиция бөліміне жеткізу үшін алғаш рет жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері тартылды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, ер адам бұған дейін есірткі затттарын сатқандығы үшін, сондай-ақ өзі қолданғаны үшін істі болған. Аталған фактіге сәйкес қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Айыпталушылар ұсталып, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары