50374
Доллар бағамы төмендеді
Доллар бағамы төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді деп хабарлады turkystan.kz.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 23-25 шілдедегі ресми бағамы - 483,88 теңге.
Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы – 483 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 476 теңге, сатып алу – 481 теңге.
Ресей рублі 7,3 - 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.