50320
Доллар бағамы 484 теңгеден асты
Доллар бағамы 484 теңгеден асты

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өсті деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,60 теңгеге көтеріліп, 484,18 теңгеге жетті. Айта кетейік, Ұлттық банктің 16-18 шілдедегі ресми бағамы 480,37 теңге.
Kurs.kz. мәліметі бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде АҚШ доллардың орташа бағамы – 483,70 теңге. Сатып алу – 489,11 теңге. Нұр-Сұлтанда АҚШ валютасының орташа бағамы 479,68 теңгеден, сатып алу – 483,16 теңге.