«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
19 қарашада атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен, Павлодар қалаларында, түнде Жезқазған қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.