Қостанайдағы психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті

Қостанайдағы психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті

Қостанайдағы психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті
ашық дереккөзі
50299
Әлеуметтік қауіпті науқастар Қостанай облысындағы психиатриялық ауруханадан қашып кетті деп хабарлады turkystan.kz  "Наш Костанай” басылымына сілтеме жасап. 16 шілдеде әлеуметтік желілерде ауруханадан қашып кеткен ер адамдар туралы мәлімет таралды. Пациенттер Тобылдағы медициналық мекеменің терезесі арқылы сыртқа шыққан. Олар Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасында жатқан, «шизофрения» диагнозымен ауыратын 1981 және 1992 жылдары туған науқас екені белгілі болды. 16 шілдеде таңғы сағат 8 шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі пациенттің өз еркімен кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған факті бойынша іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бүгін сағат 9-да пациенттер Қостанай ауданының Жамбыл кентінен табылды. Олар өзен жағасында болған», - деп түсіндірді Қостанай облысының ПД.
Сондай-ақ полиция бұған дейін желіде қашып кеткендер ауыр қылмыс жасады деген ақпарат жалған екенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары