50176
Қазақстанда 5,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстанда 5,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
15 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 5 483 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таратқан деректерінде олардың 588-і стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқаны айтылған.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.