50330
Ресейде маймыл шешегі анықталды
Ресейде маймыл шешегі анықталды
Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Роспотребнадзорға сілтеме жасап.
Роспотребнадзор мәліметіне сәйкес, аталған індет Еуропа сапарынан келген жас жігіттен анықталған. Ол медициналық мекемеге өзі жүгінген.
«Науқастан алынған талдамалар шұғыл түрде сараптамаға жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды. Ол оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатқандықтан, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.Науқаспен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды.