Қазақстанда қандай үйлер сұранысқа ие?

Қазақстанда қандай үйлер сұранысқа ие?

Қазақстанда қандай үйлер сұранысқа ие?
ашық дереккөзі
50683
2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 019 мәміле тіркелді. Мамыр айымен салыстырғанда көрсеткіш 1,7% артты. Келісімшарт саны бойынша  Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюро берген ақпаратқа сүйенсек, маусым айымен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-11%), Атырау (-9,1%), Батыс Қазақстан (-7,4%), Қарағанды (-5,4%) және Маңғыстау (-4,3%) облыстарында мәмілелер санының төмендеу қарқыны сақталуда.
«Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, онда барлығы 21 388 мәміле жасалған. Көппәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Маусымда 8,2 мың 2 бөлмелі, 7,4 мың 1 бөлмелі  пәтер рәсімделді. Жеке үйлер бойынша 9 631  мәміле жасалды. Жеке үйлерді өзге аймақтарға қарағанда Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек сатып алады», - делінген хабарламада.
Биыл маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 42,6% кеміді. Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы маусыммен салыстырғанда ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді – 64,8%.

Серіктес жаңалықтары