50325
Илон Маск Twitter желісін сатып алудан бас тартты
Илон Маск Twitter желісін сатып алудан бас тартты
Әлемнің ең бай адамдарының бірі Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алудан бас тартты деп хабарлады turkystan.kz.
РИА Новости порталы хабарлағандай, оған компания әкімшілігінің фейк аккаунттардың нақты саны туралы деректерді ұсына алмауы себеп болған.
Масктың адвокаттары Twitter спам мен фейк аккаунттар туралы деректерді ұсына алмағанын айтты.
Келісімшарт акциялары бұзылған соң Twitter алдын ала саудада жеті пайызға арзандап кетті.
Twitter-дің директорлар кеңесінің басшысы Брет Тейлор компания Маскты сотқа беретіндігін мәлімдеді.