Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды деп хабарлады turkystan.kz. Биыл жарысқа Қазақстаннан екі команда қатысады. «Қайрат» АФК жеребе нәтижесі бойынша А тобына түсіп, франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальоркамен» қарсылас атанды. Ел чемпионатының күміс жүлдегері «Аят» «Ново Время», «Пула» және «Спортинг» командаларымен В тобына түсті. Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне әр топтан бір команда шығады. Ойындар 25-30 қазан аралығында өтеді. Әр топтан элиталық кезеңге бір командадан шығады.
Жүктелуде...