50292
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Соңғы тәулікте Қазақстанда 330 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті деп хабарлады turkystan.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 шілдедегі ақпаратты жариялады.
Соңғы мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирус инфекциясынан (1 677+ және 57 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр.