50485
Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Прездент Жарлығының жобасы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Құжат жобасын әзірлеген орган – Мәдениет және спорт министрлігі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына өзгерістер енгізіліп, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр.
Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.