«Пәтер алып беремін»: 19 адамды алдаған алаяқ ұсталды

«Пәтер алып беремін»: 19 адамды алдаған алаяқ ұсталды

«Пәтер алып беремін»: 19 адамды алдаған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
50397
5-6 маусымда әккі алаяққа алданған 19 қызылордалық тұрғын полицияға шағым түсірді деп хабарлады turkystan.kz. Арызда олар 2021 жылдан бері бір азаматша сенімдеріне кіріп, «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін» деп 20 млн теңгеден астам ақшаларын алдап алғанын көрсеткен. Алайда, ол осы уақытқа дейін уәдесін орындамай, ақшаларын да қайтармаған. Басқарма қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, қала тұрғындарын сан соқтырған 32 жастағы күдікті азаматша ұсталды.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – деді ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетсек, жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген.

Серіктес жаңалықтары