50270
Доллар тағы да қымбаттады
Доллар тағы да қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 4,65 теңгеге қымбаттап, 470,34 теңге болғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 70,26 теңгеге (+1,61) жетті.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,89 теңге болды.
Еуроның орташа бағамы 484 теңгеге дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464-470 теңгеден, еуро 485-496 теңгеден, ресей рублі 7,5-8 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.