«Путиннің бопсасына көнбейміз!»: Анналена Бербок Ресейге сес көрсетті

«Путиннің бопсасына көнбейміз!»: Анналена Бербок Ресейге сес көрсетті

«Путиннің бопсасына көнбейміз!»: Анналена Бербок Ресейге сес көрсетті
ашық дереккөзі
50272
Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ханым Мадридте өткен НАТО-ның форумында алдағы уақытта немістер өздерін Ресейдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейтінін ашып айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз алдағы уақытта Кремльдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейміз. Осыған дейін біздер отын энергетикасы бойынша Ресейге қатты тәуелді болдық. Мәскеу осыны пайдаланып, орынсыз саяси талаптарын қойып келгені баршаға мәлім. Енді біз Путиннің мұндай бопсасына көнбейміз», – деді Германияның Сыртқы істер министрі.
Өз кезегінде Анналена Бербок Германия Ресейдің мұнайы мен газына тәуелділіктен құтылуы үшін жаңғырмалы энергетикаға қомақты инвестиция салғанын алға тартты. Анналена Бербок Жасылдар партиясының өкілі екенін ескерсек, ол жақын уақытта партиялас әріптестерімен тізе қосып, Ресейдің отын энергетикасынан бас таруға күш салатынын байқауға болады.
«Қазір Жер шарын экологиялық апаттан құтқару мәселесі күн тәртібінде тұр. Пайдалы қазбаларға деген тәуелділік геосаяси жағдайды күн өткен сайын ушықтырып жатыр. Ал жаңғырмалы энергия көздері энергетикалық еркіндікке бастайды», – деді Анналена Бербок.

Серіктес жаңалықтары