Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды

Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды

Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
50277
Қазақстанда Pfizer вакцинасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіліп, препараттың жарамдылық мерзімі ұзартылды.Енді қалған дозаларды қыркүйек пен қазанға дейін қолдануға болады деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның мерзімі өткен жоқ және сапасын жоғалтпады деп сендіреді. Мұның бәрі сақтау шарттарына байланысты. Америкалық өндірушілер бұл партияны пайдалану мерзімін сәуір айында ұзартты. Талап - минус 90 градустан минус 60 градусқа дейінгі температураның сақталуы. Маусым айының соңында Қазақстанда Pfizer-дің бірінші компонентін 1,2 миллионнан астам адам алды. Екінші компонент ретінде 1,1 миллионға жуық қазақстандыққа салынды. Соңғы мәліметтер бойынша, елде америкалық препараттың 300 мың дозасы қалған. Ковид көрсеткішінің өсуіне байланысты дәрігерлер қазақстандықтарды вакцинациялау арқылы вирустан қорғануға тағы да шақырды.
«Вакцинация және ревакцинация бізде тоқтаған жоқ. Елде вакцина тапшылығы жоқ. Pfizer, Vero Cell және біздің отандық QazVac вакцинасы. Әрбір азамат ұжымдық иммунитетті сақтау үшін ревакцинациядан өтуі керек. Вакцинация емханалар мен вакцинация пункттерінде жүргізіледі», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Серіктес жаңалықтары