Ақтауда жол белгісін салып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Ақтауда жол белгісін салып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті

Ақтауда жол белгісін салып жүрген жұмысшыны көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
50717
Ақтауда «Қала жолдары» коммуналдық кәсіпорнының қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Оны жол белгілерін салып жүргенде көлік қағып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.   Оқиға 25 маусымға қараған түні болған. Ер адам 29А ықшамауданында жол белгілерін салумен айналысып жүрген.
«25 маусым күні сағат 22:30-да 102 кезекшісінің пультіне «Бақ сарай» мейрамханасының алдында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы қоңырау түскен. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жол кедергілерін көргенде тежегішті баспай, жол белгілерін салып жүрген жұмысшыны қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Маңғыстау облысының полициясы.
Қазіргі уақытта ер адам көптеген жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр.
«Дәрігерлер жәбірленушіге ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың ауыр дәрежедегі контузиясы, оң жақ самай аймағындағы эпидуральды қан кетуі, травматикалық субарахноидальды қан кету, бет сүйегінің көптеген сынығы, жоғарғы жақ сүйегінің, мұрын сүйегінің, сол жақ иық сүйегінің сынуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ екі қабырғасының жабық сынуы, самай аймағының көгерген жарақаты, арқаның сыдырылуы деген диагноздар қойды», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз өкілдері.
Науқас қазіргі уақытта жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары