50766
Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»
Канело: «Головкинді нокаутқа жіберемін»
Төрт салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы нокаутпен аяқталатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – мықты әрі қауіпті қарсылас. Бірақ мен оны нокаутқа жіберемін деп ойлаймын, оған еш күмән жоқ. Рингке оралатын күнді асыға күтіп жүрмін. Бар күшімді салып жаттығып жатырмын. Нокаут – бұл айқастың жалғыз мүмкін нәтижесі», – деді Сауль Альварес журналистермен кездесуде.Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкиннің бірінші айқасы 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Рематч 2018 жылы болды және онда Альварес төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.