Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
ашық дереккөзі
50282
Алмаз Ыдырысов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады. 2005-2006 жылдары – «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 2006-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті. 2014-2016 жылдары – «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды. 2019-2022 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары. 2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.

Серіктес жаңалықтары